Спортпен айналысқан адамдар өзгелерге қарағанда ұзақ өмір сүреді. Сондықтан халықты бұқаралық спортпен айналысуға дағдыландыру — Үкіметтің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы негізгі басымдықтардың бірі. Осы мақсатта ОҚО Мақтарал ауданында «Адал жол» велошеруі болып өтті. Фестивальға 2000-ға жуық қала тұрғыны қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, ұстаздар алдымен, бой сергітер жаттығу жасады. Кейін флешмоб ұйымдастырылды. Пердеш Есенбеков — Мақтарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы «2017 Астанадағы өтіп жатқан халықаралық көрменің жабылу құрметіне және ОҚО-ның 85 жылдығына, түркі мәдени дүниесінің астанасы Түркістан қаласының құрметіне велошеру және денсаулық фестивалін өткізіп отырмыз. Мұндай спорт денсаулық кепілі, бұқаралық спортты дамыту, ел тұрғындарының 30-пайызы иайналысу деген Елбасының тапсырмасына сәйкес және соңғы мақала рухани жаңғыру бойынша осындай іс шаралар жалғасын табатын болады». Әрбір азамат өз денсаулығына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Тәнді шынықтыратын түрлі спорттық жаттығулармен қоса, әуезді әуен сүйемеліндегі гимнастика деннің саулығына көп пайдасын тигізеді. Өйткені, қажыр-қайрат, қайтпас рух дені сау адам бойында болады. Жаңылыс Құралова – Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті «Бүгінгі 2017 жылғы өткізіліп жатқан «Денсаулық» фестивалінен алған әсерім ерекше. Алғаш рет осы «Денсаулық» фестиваліне қатысуым, тағы да алдағы уақытта көптеген осындай фестивальдер ұйымдастырылып беруін сұраймыз және де достарыма, басқа да колледж жастарына салауатты өмір салтын құрудың маңызды екенін айтамын». «Денсаулық» фестивалінде велосипедке отырған мақтаралдықтар «Адал жол» велошеруін жасады. Іс-шара соңында жарысқа белсене қатысқандарға аудан әкімі естелік сыйлықтарын табыс етті.
НҰРМАХАН Кенжехан