ОҚО Бәйдібек ауданында орталық стадионда «Саламатты рух» ұранымен саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығына 20 жыл толуына орай «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» тақырыбында «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды. Фестивальде ауданымыздағы мекемелердің қорапшалардан құралған қызметкерлері салтанатты шерумен стадионды айналып жүріп өтті. Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары А.Темір құттықтау сөзбен ашып, Шымкент қаласында өткен «Тірек-қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында» облыстық спартакиаданың жүлдегерлері мен қатысушыларын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Фестиваль барысында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Е.Тұрабеков жұртшылықты құттықтады. Фестивалдің өтуіне атсалысқан және денсаулық саласында сана жаңғырту ісінде, саламтты өмір салтын қалыптастыруға, ведмоствоаралық жұмыстарға үлес қосқаны үшін аудандық бірқатар мекеме басшыларына ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпаттар табысталды. Сонымен бірге денсаулық сақтау саласының ардагері Тастемірова Сәнім Есенғазықызы облыстық «Құрмет-АВ» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталып, оны аудан әкімінің орынбасары А.Темір тапсырды (суретте).
Еркін елдің ертеңі ұрпағымыздың саулығын қажет етеді. Олай болса бұл жылдағы дәстүрге айналған фестивальде салауатты өмір үшін күрескен әрбір азаматтың ерен еңбегі көпшілікке үлгі болғаны орынды.
Ж.ТОЛЫҚБАЕВА.