Жуырда ОҚО Бәйдібек ауданында орталық стадионда «Заңғары биік – Ата Заң» атты спорттың түрлері арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, 60,100 метрге жүгіруден жарыс өтті. Оған аудан мекемелерінен жұмыспен қамту, ішкі саясат, М.Әуезов жалпы орта мектебі, Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі, №1 мектеп интернаты, білім, экономика және қаржы бөлімдері қатысты.
Арқан тартуда І-орын №1 мектеп интернаты, ІІ-орын экономика және қаржы бөлімі, ІІІ-орын Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі; 60 м жүгіруде І-орын Алпысбаева Мөлдір Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі, ІІ-орын Төленбаева Жазира жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мекемесінен, ІІІ-орын Жолдасқызы Қарлығаш М.Әуезов жалпы орта мектебінен; 100 м жүгіруде І-орын Жүнісов Бекболат Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі, ІІ-орын Әкім Тұран, ІІІ-орын Натимов Айтбек №1 мектеп интернаты. Кір тасын көтеру сайысында І-орын Досыбай Асыл М.Әуезов жалпы орта мектебі, ІІ-орын Байғон Егебек №1 мектеп интернаты, ІІІ-орын Меңлібек Мағжан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. Қол күрес (қыздар арасында) І-орын Әбішбекова Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі, ІІ-орын Жолдасқызы Қарлығаш М.Әуезов жалпы орта мектебі, ІІІ-орын Мамытова Шырынкүл №1 мектеп интернаты. Қол күрес (ұлдар арасында) І-орын Жанысбаев Асхат Шаян көпсалалы жалпы орта мектебі, ІІ-орын Біттібаев Әли М.Әуезов жалпы орта мектебі, ІІІ-орын Нұржанов Тоқтар №1 мектеп-интернаты иеленді.
Жарысқа мекемелерден 65 спортшы қатысты. Жарыстың жабылу салтанатында “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбеков Тұрсынәлі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Отыншиев Шадияр; дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Атемов Ағабек жеңіске жеткен спортшыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырды.
У.МЫРЗАБАЕВ,
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің әдіскері.