Саламатты өмір салтын сақтаған кез-келген отбасынан дені сау, ширақ, алғыр, ой өрісі кең азаматтар шығары айқын. Бұл сөзімізге айғақ ауданымыздағы «Отбасы күні» мерекесінде ұйымдастырылған спорттық жарысқа қатысқан әрбір отбасылық команда мүшелерінің жарыстағы нәтижелері. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданында өткен Отбасылық жарыс «Әкем, анам және мен» атты тақырыппен ауданымыздағы орталық алаңда өтті. Жарысқа аудандық мекемелер атынан 9 команда додаға түсті. М.Әуезов жалпы орта мектебінен О.Адырбековтар отбасы командасы, Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінен Д.Әмізовтер отбасы және М.Төлешовтер отбасы командасы, Күлтөбе негізгі мектебінен Е.Досбаевтар отбасы командасы, «Шапағат» балабақшасынан Б.Ішпековтер отбасы, №1 мектеп интернатынан Ы.Мұсаевтар отбасы командасы, орталық ауруханадан Н.Айтуаровтар отбасы командасы, «Тауасар» балабақшасынан Ж.Есенбаевтар отбасы командасы, №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен Ғ.Игіліковтер отбасы командалары қатысты. Жарыс қорытындысында 1-орын Ғ.Игіліковтер отбасы командасына, 2-орын Д.Әмізовтер отбасы, 3-орын Е.Досбаевтар отбасылық командаларына бұйырды. Жарыс жеңімпаздарын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған дипломдармен және ескерткіш сыйлықтармен марапаттады.
Связанные истории
30.09.2017
41723