Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Бөржар ауыл округінің орталық спорт алаңында «Спорт-бізді біріктіреді» атты кіші футболдан аудан жастары арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа ауданнан іріктелген жеті команда және Қажымұқан ауыл округінен атынан аудандық ішкі істер бөлімінің Прабациясының есебінде тұрған 2 (екі) команда қатыстырылды. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жастарға насихаттау, Ордабасы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға емес жаза түрінде сотталған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, түзелу жолына түсуіне сондай-ақ сотталғандардың қайта қылмыс жасауын болдырмау және оның алдын алу.
Бүгінде зайырлы мемлекетіміздің әр азаматы өзін қоғамнан шет санамай біте қайнасып кетуі үшін осындай ауқымды шаралар қолға алынуда. Мемлекеттің байлығы адам капиталы. Сондықтан да әр азаматтың жай күйі қоғам назарынан тыс қалмайды. Аудандық жарыста өздерін жоғарғы дәрежеде көрсеткен Бөржар ауыл округінен «Бөржар» командасы І орын иеленіп жеңімпаз атанса, ІІ орын «Қажымұқан» командасы, ІІІ орын «Қажымұқан Пробация-2» командасы иеленіп, арнайы алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Связанные истории
30.09.2017
42066