Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда жабық қаңқалы кіші футбол алаңшасы ашылды. Салтанатты жиында аудан басшысы Р.Қайыпжанов салауатты өмір салтын ұстануда осы тектес нысандардың көптеп ашылуына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті. Ордабасы ауданынан шыққан спорт майталмандары жетерлік. Солардың ізін басқан ізбасарлары бүгінде спорт саласының жілігін шағып, майын ішкен майталман маман атануда. Аталған спорт кешені де болашақ айтулы спортшыларды дайындауға үлкен септігін тигізері анық. Бүгінгі таңда Ордабасы өңірінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 2 спорт мектебі бар.
Онда спорттың 10 түрінен жаттығу шаралары жүзеге асырылады. 58 жаттықтырушы 105 спорттық топтарда 2 мыңға жуық оқушыны спорттың қыр сырына баулуда. 303 спортшыны деңгейлік санат иеленген. Сонымен қатар, 1 жасөспірімнің спорт шеберлігін қорғап, абыройы асты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, «Қазақ барысы» республикалық күрес додасының жүлдегері Ж.Ерсұлтанов көпшілікке ізгі ниет, жүрекжарды тілегін арнап, ауданымыздың беделін арттыратын спортшылардың көбейетініне сенім білдірді.
Салтанатты жиын аясында ардагерлер арасында дойбы, арқан тартыс, кір тасын көтеру сайыстары ұйымдастырылды. Ал, ауыл округтерінен келген құрама топтар футбол алаңында өзара тартысқа түсіп, теңбіл доп мықтысын анықтады.
Связанные истории
30.09.2017
41723