Қол күресінен Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатының қызуы әлі басыла қойған жоқ. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауданының өрендердің 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алғаны жөнінде материалдар басылымдар мен әлеуметтік желі бетінде бірнеше мәрте жарық көрді. Бүгін облыстық «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының арнайы шақыртуымен қол күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы атанған Нұрдәулет Айдархан мен әлем чемпионы Мағжан Шәмиев «Таң нұры» бағдарламасында қонақта болды. Теларна тілшілерімен емен-жарқын сұхбаттасып, Венгрия сапары жайлы әңгіме-дүкен құрды. Спорттағы жетістіктері мен тәжірибелері жөнінде Нұрдәулет пен Мағжан қызықты мағлұматтар айтып берісті. Әрине спортта жеңіске жетуу оңа емес. Ол үшін тамшылатып тер төгіп еңбектену қажет. Спортта мерейі үстем болуы үшін де спортшыар спорт залынан шықпай, жаттығудың бірін де жібермей қызу дайындықта болып, үнемі бабында жүреді. Еңбектенгеннің ғана бақыт басын имей қоймайтыны анық. жерлестеріміздің жеңіске жетуінің бір кілті де осында. Шардараның шарболат жігіттерінің эфирдегі сұхбатын барша жанкүйерлері қызығушылықпен тамашалады деп айтсақ жарасады. Қос чемпионға айтарымыз – жеңісті жолдарын ары қарай жалғастырып, телеарна беттерінен қуанышты сәттерін тамашалай берейік!
Связанные истории
30.09.2017
41787