Күнгейден шыққан бокс тарландары көп. Олар әлемдік додаларда тек облыстың ғана емес еліміздің абыройын асқақтатып жүр. Оңтүстік Қазақстан облысының жастары бокстан Германияның Гамбург қаласында өткен әлем чемпионатында 56 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Қайрат Ералиев түстік жастарымен жүздесті. Кездесуді облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған болатын. Жиын барысында әлем чемпионы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға кеңес берді. Мұнан өзге Қайрат, жастардың көптеген түрлі сауалдарына жауап берді. Нақтырақ айтқанада, жастарды әлем чемпионының болашаққа жоспары қатты қызықтырды. 26 жасты еңсеріп, 27 ге аяқ басқан Қайрат Токиода олимп шыңын бағындырғысы келетінін бүкпей айтты. Сондай-ақ, Ұлттық құрамадағы командаластары Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаевқв Париж финалында тәжірбиенің жетіспегендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл әлем біріншілігінде ең күшті қарсыласы өбек боксшысы болғанын да мойындады. Алайда, сол жекпе-жекте барлық күшін салып, жоғарғы техникалық жекпе-жек өткізіп жеңіп шыққанына қуанғанын жеткізді. Ал, жастар жағы Қайраттың жеке өмірі жайлы сауалдар жолдап, тіпті отбасын құру мәселесін де қозғап өтті. Кездесу соңында Қайрат Ералиев, жастарды өмірлік арман, мақсатың үшін күресуге шақырып, жиналған жас жеткіншектерді бокс әліппесімен таныстырды.
Связанные истории
30.09.2017
41787