Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Локоматив стадионында даңқты қақпашы Құралбек Ордабаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Дәстүрлі додаға көршілес Өзбекстан, сондай-ақ еліміздің бірнеше облысынан аяқ доп шеберлері қатыспақ. Сондай-ақ, облыстық Төтенше жағдайлар депортаментінің «өрт сөндіру және авиациялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөліністерінің арасында жарыс басталды. Облыс деңгейінде өткізіліп отырған чемпионат құтқарушылар күніне орай және қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналды. Теңбіл допқа арбалған талай жастың кумирі болған аса шебер қақпашы, спорт шебері, жерлесіміз Құралбек Ордабаевты спортсүйер қауым жақсы біледі. Спорт майталманының құрметіне арналған жарысқа еліміздің бірнеше облысы мен Өзбекстанның жасөспірімдер командалары қатысты. Турнирді футболдан облыстық олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры Ермек Дәрменов ұйымдастырды. Белгілі футболшының жүлдесі осымен бесінші рет сарапқа салынуда. Бұл жолы 13 команданың 14 жасар футболшылары ала допты «Локомотив» стадионда қуалады. Көршілес Өзбекстаннан келген жас футболшылар турнирге аса дайындықпен келгені көрініп тұр. Турнир жеңімпазы атанатынына нық сенімді. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл турнир 5 күнге жалғасып, қырркүйектің 26 сы күні өз мәресіне жетеді. Жеңімпаз командалар осы күні анықталып, арнайы кубоктармен марапатталады. Сондай-ақ, бүгін облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің №1мамандандырылған жасақтың спорт алаңында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс жалауы көтерілді. Жарыс төрт тәртіп бойынша өтеді: 100 метірлі жолақта кедергілерден өту, үш ійінді жылжымалы сатымен оқу мұнарасының үшінші қабатына көтерілу және жауынгерлік қанат жаю. Байрақты бәсекеге облыстың 22 өрт сөндірушілер командасы қатысып отыр.
НҰРСҰЛТАН Әбдірашит