Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті.
Мақсаты — Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және спорттың бұқаралығын дамыту, жұмысшы мамандықтарлы насихаттау, еңбек жастары арасында достық қарым қатынасты нығайту.
Кіші футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі, суда жүзу номинациялары бойынша ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға 18-29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жұмыс жасайтын жастардан құралған 9 команда қатысты. Жарыс аса тартысты өтті. Кіл мықтылардан, еңбекпен шыңдалған жастардан құралған топтар арасында жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Расында еңбекпен есейген жастар құрыш білек, болат жүректі екендіктерін танытты.
Спартакиада қорытындысы бойынша өздерін үздік көрсеткен командаларға бағалы марапаттар және дипломдармен марапатталды.