Төрт мың жылдық тарихы бар түркі халықтарының ұлттық ойыны Тоғызқұмалақтың Дүниежүзілік қауымдастығы Қазақстанда екені баршамызға мәлім. Дүниежүзілік Қауымдастықтың Президенті, Алихан Байменовтің басшылық жасауымен Астана қаласында IV Әлем чемпионаты болып өтті Бұл жарысқа Еуропадан, Шығыс елдерінен, жалпы 25 елден спортшылар қатысып, классика, блиц және рапид түрінен жарыс өтті. Зияткерлік ойындардың кіл мықтылары қатысқан ойында Қазақстан I-орынды иеленді Аталмыш жарысқа Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласындағы А.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Азербайжан, Түркіменстан, Сирия, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінен келген студенттері қатысып қайтты. Жастарды ұлттық ойынға баулып, жетекшілік жасап жүрген, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Қашымхан Боранбайұлы «Халықаралық дәрежелі спорт төрешісі» дәрежесін иеленді. Келесі V-Әлем чемпионаты Түркия Республикасында, Азия чемпионаты Моңғолия Республикасында өтеді деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, тоғызқұмалақтан Универсиада ойны қазанның 22-27 күндері ХҚТУ-де өтетін болды. Баршаңызды аталған спорт додасында жарысқа жанкүйер болуға шақырамыз