Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте бүгінде «Қала күні» мерекесін тойлауға кірісіп кетті. «Қала күні» мерекесін шымкенттіктер спорттық сайыспен қыздырды. Кәсіби және әуезқой велошабандоздар жексенбінің таңында Тәуелсіздік саябағына жиналды. Спортшылар сүйікті қалаға деген ниетін велошерумен білдірді. Тәуелсіздік саябағына таң-азаннан 300- ге жуық велошабандоз жиналды. Жарыс әділ болу үшін темір тұлпарларын сайлап, тетіктерін майлап келгендерді қалалық спорт бөлімінің мамандары арнайы тіркеуге алды. Ерікті шабандоздар бұл шеруге қомақты қаржы алам -деп емес, Шымкент сүйікті қалам –деп келгендер. Жарысқа қатысушылардың жасына шектеу жоқ. Ниет білдіргендердің барлығы көшке ілесуге құқылы. Жүлделі орыннан бөлек ең үлкен және ең кіші шабандозға арнайы сыйлық дайындалған. Сондықтан болар 7 жасар балаларда немере сүйіп жүрген аналарда салтанатты шарадағы саптан табылды. Тәуелсіздік саябағынан басталған шеру Қазыбек би, Бәйдібек би көшелері арқылы сырғып өтіп «Наурыз» алаңында өз мәресіне жетті. Жалпы қашықтық 15 шақырым. Велошеруде кәсіби шабандоздар белсенділік танытып жүлде қорын өз ара бөлісті. Сонымен қатар әуесқойларға да арнайы сый сияпат жасалды.
КЕНЖЕХАН Дүйсенбі