Оңтүстік Қазақстан облысы негізінен шөлейтті аймақтар қатарына жататыны белгілі. Әйтсе де, мұндағы өзен мен көлдерді тиімді пайдалана білсек ұтарымыз көп. Осы мақсатта облыстық жас туристер станциясы Арыс өзені бойында оқу- жаттығу жиынын өткізді. Ондағы мақсат, су туризмін насиахаттап, су спортын дамыту. «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға 200- жуық оқушы қатысты. «Ақ желкен» тақырыбы аясында өткен мұндай жиын облыста тұңғыш рет өткізіліп отыр екен.. Төрт күнге созылған бәсекеге облыстың барлық аймағынан 200- ге тарта оқушы қатысып, бақтарын сынады. Алайда өзені мен көлі кем аймақта тұрсақ та спорттың бұл түріне қызығатын балғындар санының көптігі баршамызды қуантқандай. Көркемжан Қонысбай- оқушы Мен Шымкенттен келдім. Су спортына қатты қызығамын. Біз мұнда тек жарысып қана қойған жоқпыз, құтқару тәсілдерін үйрендік, ептіліктерімізді таныттық… Жиынға қатысушы балғындар мұнда тек жарысып қана қойған жоқ, төрт күн бойы далалы жағдайда өмір сүрудің де қыр – сырларымен қанықты. Судан құтқару мен одан өзге де спорттық- техникалық шеберліктерін шыңдады. Сәуле Өмірбаева- облыстық жас туристер станциясы МКҚК директоры «Жалпы жиын өз мақсатына жетті… Ол мақсат – балалардың бәрі осы спортпен айналысып кетсін деген ой емес. Оқушыларға жалпы су спорты жайында және дала туризмі жайлы мағлұмат беріп, соны іс жүзінде көрсетіп, таныстыру. Сөйтіп балғындарды қызықтыру. Ал содан кейін су спортын таңдау да олардың өз еріктерінде»… Бұл жиын «аймақта өзен көл аз, су спорты бізге қол емес» деп қарап отырудың теріс екеніне көз жеткізгендей. Барымызды бағалап, балғындарды бейімдей білсек бізден де талай – талай Баландиндер шығарына сенім мол.
МҰХТАР Атабек