Алматы қаласында Унифайт (Unifight) спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Республикалық додаға еліміздің барлық аймағынан іріктелген спортшылар қатысып, өзара сынға түсті. Нәтижесінде Түркістан облысының спортшылары 8 алтын, 4 күміс жеңіп алып, 12 медалді облыс қоржынына салды.
Атап айтар болсақ, 32 келіде сынға түскен Айшабибі Есенхан мен 40 келідегі облыс мақтанышы Нұрбақыт Әбілхан өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ, Дарын Төрегелді 65 келіде, Жанель Алтынбек +52 келіде жеңіс тұғырынан көрінді. Ал +47 келіде Еркежан Абдубай, 47 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айғаным Нұрланқызы қарсыластарынан оқ бойы озық болды. Сонымен қатар, 52 келіде Ұлбибі Қаңлыбай, 45 келіде Нұриман Жаңбырбай өз салмақтарының үздіктері атанды.