
фото Сақ.кз
Әлем назарын өздеріне аударған қазақ оғландарының қашанда мәртебесі биік. бір ғана Шымкент өңірінің ғана емес, қазақ елінің абыройын асқақтатқан спортшылар Махмуд пен Төрехан Сабырхандар бүгін елге оралды. Олар Ливерпуль қаласында өткен Әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.
Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған қос батырды әуежайдан туған-туыстары, жанкүйерлері мен жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Ұлт аспаптар ансамбльі қазақ күйлерін күмбірлетіп, көңілді кештің ажарын ашты. Қолына ту ұстап, жеңіс әнін шырқаған көпшілік чемпиондарын айрықша құрметпен, салтанатты түрде күтіп, қуаныштарымен бөлісті.