Шымкент қаласында 2016 жылдың 2-маусым аралығында 23 маусым – Полиция күні мерекесіне орай, Шымкент қаласы жеңіл атлетика алаңында полиция қызметкерлері арасында қоян-қолтық күрестен жарыс өтті. Жарысқа ОҚО ІІД және ҚАІІБ-ның 160 шақты спортшылары қатысты. Тартысты және қызықты өткен 3 күндік жарыстың қорытынды бойынша ОҚО ІІД СОБР арнайы жасағының құрама командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Сарыағаш АІІБ, ал үшінші орынды ОҚО ІІД оқыту-жаттықтыру взводы иеленді.
9 түрлі салмақ бойынша 1 орынды:
— 55 кг салмақта – Нуркешов Бекзат (шымкент ҚІІБ Абай ПБ);
— 65 кг салмақта – қалдыбеков Мұхтар (СОБР);
— 70 кг салмақта – Курбанбаев Алибек (сарыағаш АІІБ);
— 75 кг салмақта – Қатбаев Ғалым (СОБР);
— 80 кг салмақта – Оспанов руслан (СОБР);
— 85 кг салмақта – Раисов Мұратәлі (Оқыту-жаттықтыру взводы);
— 90 кг салмақта – Нұрсейтов Нұрлан (СОБР);
— 90+ кг салмақта – Султанов рахимжан (Сарыағаш АІІБ)
«Ең үздік әдіс» номинациясымен Жұманалиев Нүркен (СОБР) және Авалбайұлы арман (Оқыту-жаттықтыру взводы) марапатталды.
Жеңімпаздарды ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Тленшин, ОҚО ІІД ӘПБ-ның бастығы полиция полковнигі Н.Исахов және ОҚО қоян-қолтық күресінің президенті А.Аимбетов марапаттады.Барлық жеңімпаздарға кубок, медаль, грамота, сорттық киім ижәне басқа да бағалы сыйлықтар тапсырылды. Өз кезегінде жарыс жеңімпаздары ағымдағы жылдың күзінде Ақтау қаласында өтетін ҚР ІІМ чемпионатына қатысатын болады.