Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудандардың арасында Шардара ауданының спорттық жетістіктері өзге аудандарға қарағанда оқ бойы озық тұр. Мұнда бұқаралық спортты дамыту жоғары деңгейде жүргізілуде. Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ұйымдастыруымен 119 спорттық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде 47 іс-шара ауылдық округтерде ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға жалпы есебі 11 009 адам қамтылды.
Бұл іс шаралар ішінде Шардара ауданынында дамып отырған және дамушы спорт түрлерінен аудан чемпионаттары, мерекелік іс шаралар, БЖСМ ашық біріншіліктері, жағажай спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Бөлімнің бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, ақпан айында «Спорт-діни экстремизмге қарсы!» атты айлық жарияланып, аудан жастарының спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында ауданнан шыққан даңқты спортшылармен бірнеше кездесулер, ашық сабақтар, орталық стадионымыздың ашық есік күндері аудан наркологымен және аудан имамымен спортшы жастардың кездесулері және спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Бұған қоса сәуір айында «Спорт-нашақорлыққа қарсы!» атты айлық өткізуді және әр кезең бойынша, спорттың 15 түрінен, қыс мезгілінде «Қыс -2016», көктем мезгілінде «Ақ бидай-2016», жаз мезгілінде «Ауыл спорты алға» және күз мезгілінде «Алтын күз» спартакиадаларын жоғарғы деңгейде өткізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері аудан спортшылары 50 облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі сыртқы жарыстарға қатысты. Осы жарыстар нәтижесінде135 спортшы Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионы, 14 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионы, 22 спортшы Қазақстан Республикасының чемпионатының жүлдегерлері, 2 спортшы Азия чемпионы, 2 спортшы Азия чемпионатының жүлдегерлері, 5 спортшы халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, ауданның 3 спортшысы Қазақстан Республикасының «Спорт шебері», 55 спортшысы «Спорт шеберлігіне үміткер» атағының иегерлері атанды. Бұл спортшылар негізінен дзю-до, таэквон-до, қол күресі, гир көтеру, қазақ күресі, самбо спорт түрлерімен айналысады. Әртүрлі спорт түрлері бойынша ауданның 34 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына мүше атанды. Мұндай жоғарғы спорттық жетістіктер Оңтүстік Қазақстан облысының ешбір ауданында жоқ деп сеніммен айтуға болады. Аудан халқының спортпен жүйелі түрде айналысуына 165 спорттық ғимараттар жұмыс істеуде. Оның ішінде 1 орталық стадион, 1 қол күресі залы, 24 спортзал, 3 күрес залы, 1 үстел теннисі бөлмесі, 8 тир, 126 жазғы спорт алаңшалары бар. Биылғы жылы Шардара қаласы Мелдеби ауылында демеушілер есебінен 1 кіші футбол алаңшасы және 1 қол күресіне арналған көлемі 580 шаршы метрлік жаттығу залы іске қосылы. Бұған қоса 368 995 273 теңгеге Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджет есебінен Шардара қаласы «Жастар» даңғылы бойынан заманауи үлгідегі спорт кешені салынуда. Шардара ауданында 2016 жылға дейін 1 футбол, 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істеп келген болса, 2016 жылы 1 атлетизм спорт мектебі ашылып, 1 спорт мектебіне артты. Бұл спорт мектептерінде спорттың 14 түрінен 2 888 жасөспірім спортшылар шұғылдануда. Бұл спортшылардың 1 778 спортшы Шардара қаласында жаттықса, 1110 спортшы ауылдарда жаттығу жүргізеді. Жалпы спорт мектептерінде 109 кәсіби мамандар жаттықтырушылық қызметте. Бұл жаттықтырушылардың 62 жаттықтырушысы Шардара қаласында болса, 47 жаттықтырушы ауылдық округтерде жұмыс жүргізеді. Бұған қоса аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұратын тәртібі қиын жасөспірімдермен де жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда есепте тұратын 10 жасөспірімдер спорт мектептерінің тобына тартылып, жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Бұл да болса жасспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, тәртібі қиын балалардың қатарға қосылуына септігін тигізері сөзсіз.