Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында спорттық жетістіктердің мол болуына өзіндік үлесін қосып жүргендер аудандардың көшбасында Шардара ауданы тұр. Жуырда спортшылардың төл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Арман Абдуллаев бір топ спортшылармен кездесіп құттықтады. Аудан әкімдігінде өткен іс-шарада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Қарсыбаев өткен 7 айдың қорытындысы туралы қысқаша хабарлама жасап, былтырғы жылмен салыстырғанда спорттың барлық түрінен де ілгерілеу бар екенін айтып өтті. Мұнан кейін бір топ бапкерлер мен спортшы азаматтарға «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті. Марапатталған азаматтардың аудандық футбол мектебінің директоры Ермек Аманқұлов, №1 БЖСМ директоры Абай Сәкиев, №2 БЖСМ директоры Б.Төреқұлов, атлетизмнен БЖСМ директоры Нұржан Төреқұлов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ахан Есалиев, бөлімнің жетекші маманы Болат Үсен, бөлімнің нұсқаушысы Еркебұлан Айдаров, үстел теннисінің бапкері Әлкей Қалшабеков, таеквон-до спортының бапкері Вячеслав Барашкин, ауыр атлетика бапкері Берік Тағабаев, бокс спортының бапкері Нұрлан Ваийсов, волейбол бапкерлері Нұрғали Айнабеков пен Еркін Қалдаров, футбол бапкерлері Жиенбек Тәліпов, Жақсылық Әшімов пен Ерғали Тұрамұратов, Әзілхан Үсен, қазақ күресінің бапкері Нұрқасым Алтынбеков, армрестлинг баспкерлері Сейфолла Нұрхалықов, Нұралы Сапаров пен Шынболат Райханов, волейболшы Ербол Сәкиев, қол күресшілер Асан Байғозиев пен Мағжан Шәмиев, футболшылар Әлібек Махамбетов пен Досхан Әлімхановтар аудан әкімінің марапатына ие болды. Спортшылар мерекесі күні Шардарада облыс бойынша тұңғыш рет жағажай волейболынан турнир өткізілді.