Оңтүстік Қазақстан облысы орталығында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион еліміздегі ең үлкен үш стадионның бірі. Алыптың аты берілген аренаның негізі 1967 жылы қаланған болатын. Содан бергі уақытта талай мәрте күрделі жөндеулерден өткізіліп, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Орталық стадион бір мезетте 20 000 жанкүйерді қабылдай алады. Аталған алаңның көлемі — 105х68, сиымдылығы — 24 000, алғашында 32 000 көрерменге лайықталған стадион қайта жөндеу жұмыстарынан кейін ағаш орындықтардың орнына пластикалық орындықтар қойылып, сиымдылығы біршамаға қысқарды. Бүгінде мұнда жергілікті футбол командасы «Ордабасы» осы алаңда өз ойындарын өткізеді. Сондай-ақ стадионға жақын маңдағы Абай саябағына орын тепкен Халықаралық теннис орталығы бар. Бұл орталық 2012 жылы пайдалануға берілген болатын. Бүгінде спорттың бұл түріне қызығушылық танытып, секцияға қатысатын балалар көп. Жаттықтырушылар да халықаралық сайыстардан жүлде алған кәсіби мамандар. Бүгінде теннис танымал спорт түріне бағаланып, бұқаралық спорт түріне айналып келеді. Бір қарағанда шағын болып көрінгенімен теннис корты саябақтың көлемді аумағын алып жатыр. Халықаралық стандартқа жауап беретін жабыны бар hard және clаy теннис кортымен, инфроқұрылыммен және заманауи техникалармен жабдықталған. «ТЕННИСИТА» (грунт) жабындысы бар 8 ашық теннис корты, акрил (ХАРД) жабындысы бар 4 ашық корт бар. Сонымен қоса 2 қабатты жанаса салынған теннис залы мен 348 көрерменге арналған мінбер бар. Мұнда келіп жаттығамын деген спортшыларға барлық жағдай жасалған. Осы спорт түріне қызығушылық танытқан жастардың көп болуына байланысты ашылған теннис корты бүгінде мықты теннисшілерді жаттықтыруда.
Дәулет Бейімбет