Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ департаменттері спорттық жарыс ұйымдастырған болатын. Жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы алды. Футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді. Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзінің жұмыскерлері арасында бірінші республикалық спартакиада өткізген болатын. Жарысқа 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының 17 командасы қатысты. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, өңірлік деңгейдегі іріктеу турларында департаменттердің 18 мыңға жуық қызметкері қатысқан, бірақ Алматы қаласына бірінші командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. Жарыс 5 спорт түрі бойынша өтті — шағын футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. «Барлық қарсыластар өте күшті болды, дайындық республикалық спартакиадаға кім қатысатыны белгілі болғаннан дейін жүргізілді. Соңына дейін біздің жеңетіндігімізге сенген жоқпын, міне, бүгін еркін демалуға болады, себебі спартакиаданың «алтыны» Оңтүстік Қазақстанға барады», — деді Оңтүстік Қазақстан облысы құрама командасының капитаны, Оңтүстік Қазақстан бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық төлеу орталығы» департаментінің директоры Бахыт Басынбек.