Әлеумет Қазақстанда несиені 3 айға тоқтату ұсынылды Редактор 19.01.2022 6536 Мәжілісте депутаттар Үкіметке жеке және заңды тұлғалардың несиесін өтеу міндетін 3 айға тоқтата тұруды ұсынды. Мәжіліс отырысында депутат Ерлік Өмірғали еліміздегі соңғы жағдайларда зардап пен залал шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін алға тартты. Үлкен супермаркеттер мен гипермаркеттер, одан өзге қаншама дүкендер зардап шеккен. Өрт қойылған дүкендердің жарық жүйелері, коммуналдық жүйелері зақымдалған. Одан бөлек, сауда витриналары да қайта қалпына келместей өртеніп кеткен. Енді кәсіпкерлер банктерден алынған несиелерін қалай жабатынын білмей дал болып отыр. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, тауар сатып алуға да қыруар қаржы қажет екені белгілі. Оның үстіне жұмысшылардың жалақысы да бар. Алдын ала есеп бойынша залал мөлшері жүздеген миллиард теңге. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер үшін әрбір кешіктірілген күннің қаншама өсімпұл «сыйлайтыны» белгілі. «Төтенше жағдай аяқталды. Бірақ, бизнесті қалпына келтіру әлі мүмкін емес, қираған нысандардың жұмысшыларының әлі табысы жоқ. Сондықтан барлығын қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздарын 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынамыз», — деді депутат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 915 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 2051 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 1811