Әлеумет Желіде мародер мен мейрамхана иесінің қақтығысы жайлы видео пайда болды Редактор 07.02.2022 3232 Әлеуметтік желіде Алматыдағы мейрамханалардың бірінің қожайыны мен мародерлер арасындағы қақтығыс түсірілген бейнежазба пайда болды. Мейрамханасын мародерлер басып алғанын білген қожайын басбұзарлардың ортасына еркін кіріп, шақырылмаған қонақтарды сабырға шақыруға тырысқан, деп хабарлайды Экспресс К. Қаңтардағы бүлік кезінде өз меншігін қорғамақ болған жігіт пен тонаушының арасындағы егес қантөгіспен аяқталуы да мүмкін еді. Жігіттер, бұл менің мейрамханам. Мен осы жердің қожайынымын. Ал сендер үйлеріңе келгендей тайраңдап жүрсіңдер, — дейді видеоның авторы. Мейрамхана иесі келгеннен айылын тартпаған мародерлердің бірі оған тіпті өз талабын қояды. Мен сенің қымбат ішімдігіңнен тағы біреуін алайын. Онсыз да біразын көтеріп кеткенбіз. Тағы алғымыз келеді. Бірақ сен мені ұры деме, — дейді видеоға түсіп қалған басбұзар. Ресторатордың түнгі қонақтардың ұсынысымен келіспеске амалы қалмаған болуы керек, ол меймандарын барға шақырып, сұрағандарын беріп шығарып салады. Бұған дейін де Экспресс К қаңтардағы бүлік кезінде тонаушылардың Алматыдағы бассыздықтары туралы жазған болатын. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 03.05.2024 861 ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1513 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3550