Әлеумет Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Редактор 30.05.2022 2463 1 оқу мин Полицейлер 7 тұрғынды алдап, сан соқтырған әйелді құрықтады Бүгінде Үкімет тарапынан қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды алаяқтар майшелпекке айналдырып алуға тырысуда. Олардың басым көпшілігі жасаған қылмыстарына орай, қолға түсіп жазасын өтеп те жатыр. Алайда оңай олжаға құныққандардың қатары азаяр емес. Дегенмен қарапайым азаматтардың құқығын қорғау басты орында тұрған кезеңде тәртіп сақшылары алаяқтардың адымын аштырмай, құрықтауда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне 7 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп, уәде берген. Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған соң, берген уәдесін орындамай созбалаңқылыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 935 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан. Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтарға алданбауға кеңес беріп, түрлі ақпараттық ағарту жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Азаматтардың құқын қорғау басты назарда тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 792 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 726 Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 939