Әлеумет Майнингтік ферма қызметімен айналысқан Редактор 04.06.2022 2624 1 оқу мин Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Кентау қалалық бөлімінің №14118К хаты негізінде уәкілетті орган — Кентау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен №3 жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексеру жүргізу туралы Нұсқамаға сәйкес мониторингтік топ Түркістан облысы, Кентау қаласы, Құралбаев көшесіне тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексеру актсімен аталған үйде азаматша Ш. мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде тіркелместен рұқсатсыз жеке кәсіпкерлікпен, майнингтік ферма қызметімен айналысқаны анықталған. Бұл туралы Кентау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Сондықтан уәкілетті орган — Кентау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен Ш-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған. Ш. деген азаматша сотта кінәсін мойындайтыны, өзіне қатысты жасалған хаттамамен келісетіні, мемлекеттік кірістер басқармасына дара кәсіпкер ретінде тiркелмей жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысқанын растайтынын, жасаған іс-әрекетіне өкінетіні туралы түсінік берді. Нәтижесінде Кентау қалалық сотының қаулысымен Ш. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың талабымен 43 755 (қырық үш мың жеті жүз елу бес) теңге айыппұл салынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ОТЫРАРЛЫҚТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ 1 оқу мин Әлеумет ОТЫРАРЛЫҚТАР «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ 04.05.2024 351 САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР 101 ЖАСҚА КЕЛГЕН СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР 101 ЖАСҚА КЕЛГЕН СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҮЙ АУЛАСЫН ТАЗАЛАДЫ 04.05.2024 543 КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 03.05.2024 1040