Әлеумет Құқық қорғаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы Редактор 18.06.2022 2015 1 оқу мин Парақорлық, жемқорлық сынды қоғам дертіне құқық қорғаушылар да қарсы. Сондықтан тәртіп сақшылары арасында да аталған дертке бой алдырмау үшін арнайы алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемде жиын өтті. Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жүнісов пен қоғамдық кеңес төрағасы Бахыт Омарбеков, полиция қызметкерлері қатысты. Шараның мақсаты – елімізді құқық қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген полицейлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл осы бойынша әрбір бөлім қызметкерлеріне түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиналғандар қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресетіндігін жеткізді. Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған. Жиын соңында осы дертті жою мақсатында атқарылуы керек жұмыстар баса айтылып, бөлім басшыларына ауқымды тапсырмалар берілді. Сыбайлас жемқорлық індетін жою — баршамыз үшін міндет. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1349 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3304 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2308