Әлеумет Жас келіншек екі бірдей тұрғынның атынан несие рәсімдеген Редактор 18.06.2022 2795 1 оқу мин Өзгелерді өз құлы үшін алдап, арбап кететін алаяқтардың қарасы көбейіп тұр бүгінде. Ол үшін қатаң жаза бар екенін ескергісі келмейтіні өкінішті. Өзгенің атынан несие рәсімдеп алып, ұстатпай кетемін деп романтикалық қиялға берілетін қиялилар расында көп. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне екі бірдей жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Екеуі де алаяқтың құрығына түскен. Жәбірленушілер өздерінің танысы жеке басын растайтын мәліметтерді пайдаланып, шағын несие беру ұйымдарының бірінен несие рәсімдеген. Олардың біріншісінен 40 000 теңге, екінші жәбірленушінің атынан 240 000 теңге несие алған. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Сақшылар жас әйелді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тексеру кезінде күдікті әйелдің бұған дейін де сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды бермеу керектігін кез-келген азамат білуге тиісті. Алайда алданып, алаяқтың жемтігіне айналып жатқандар аз емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1338 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3106 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2227