Әлеумет Несиесі мен қарызынан құтылу үшін қылмысқа барды Редактор 18.06.2022 3102 1 оқу мин Өзгенің сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы мал иесі 16 миллион теңге шығын келтірді. Қойлардың барлығы да асылтұқымды болған. 200-ден асатын қойдың әрқайсысын 70 мың теңгеден сатып отырған. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жәбірленуші мал иесі арызданды. Оның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асылтұқымды қойларын талан-таражға салған. Қожайын оын арада біршама уақыт өткенде барып бір ақ білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 000 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті былтырғы жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Айтар уәжі де бар екен. Өзгенің мүлкін талан таражға салғандағы мақсаты өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу болыпты. Осылайша қылмысқа барғанын мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бейтаныс адамға мүлкін сеніп тапсыра салудың дұрыс еместігін кейбіреулер бағамдамайтын сықылды. Ақырында барынан айырылып сан соғып қалып жатады. Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстап, жазасыз қалдырмайды. Дегенмен тұрғындар әрдайым қырағы болуы қажет-ақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 03.05.2024 481 ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1449 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3361