Әлеумет Түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда Редактор 19.06.2022 3083 1 оқу мин Бұрын күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалатын. Қазір жағдай өзгерді. Нәзік жандылар өздерін қорғайтын заңның, түрлі орталықтардың бар екенін түсінді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Соңғы кездері бұл қылмыс түрімен күресуге мемлекеттік емес ұйымдар да тартылуда. Аталмыш қылмыс түрін азайтуға тәртіп сақшылары атсалысуда. Ал осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Айжан Манапова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кеңес берілді. Сонымен қатар құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертті. Тәртіп сақшылары кездесуге келген әйелдерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюралар таратты. Аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1329 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3019 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2179