Әлеумет «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар бар… Редактор 20.06.2022 2649 1 оқу мин «Ұсақтан ұтпай ұзағынан күтетін» ұрылар пайда болды. Ұсақ-түйекті ұрлап қолын былғамауды жөн көрсе керек. Алып контейнерді ұрлағанды көргеніңіз бар ма? Күні кеше Түркістан қалалық полиция бөліміне мүлкін ұрлатұан жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның өзі жұмыс жасайтын мекеме аумағында тұрған темір контейнерді белгісіз біреу ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Айдың күннің аманында алып контейнерді қалай ұрлап кеткеніне мүлік иесінің өзі де аң таң. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ірі заттарға «ынтық» ұрыны ұстауға тәртіп сақшылары білек сыбана кірісті. Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына жетті. Олар жақын аумақтарды түгел барлап шығып, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, ізге түсті. Ұры алыстан келмепті. Нәтижесінде ұрлық қылмысына қатысы бар жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Анықталғандай, күдікті жас жігіт осы мекемеге жақын жердегі фирмалардың бірінде күзетші болып жұмыс жасаған. Жәй жүрмепті, айналаны барлап жүріпті. Іске алымды қандай мүлікті жымқыруға болатынын бағамдап жүрсе керек. Жұмысына барып, қайтып жүргенде фирмадағы аулада тұрған контейнерге көзі түскен. Оңтайлы сәтін күтіп, алып контейнерді алып кеткен. Сезікті қолды қылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бүгінгі күні оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1349 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3304 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2308