Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото архив

Қолөнерді дәріптеп жүрген жастар көп

1782 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-06-04

Бүгінде он саусағынан өнері тамған жастар жетерлік. Әсіресе ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап, ежелгі өнер түрін жаңғыртып жүргендеріне риза боласың. Өнер өлмейді дегің келеді мұндайда. Бүгінгі кейіпкеріміз қолөнер туындыларын жасайтын шебер Берік Бейісбеков. Оңтүстікке белгілі Бейісбековтер отбасын таныстырып жату артық болар. Сурет салып, гобелен тоқып, қолөнер туындыларын жасап жүрген Бейісбековтердің отбасы бүгінде шетелдерге де танымал. Отбасының жеке көркемсурет галереясы да бар. Ашылғанына оншақты жылға жуықтап қалған Бейісбековтердің өнер ордасында жастар жиі бас қосады. Мұнда жас суретшілер, қолөнер шеберлері жиылып дәрістер өткізіп тұрады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Болатбек Бейсбеков кескіндеме өнерін жанына серік етсе, ұлы Берік былғарыдан нешетүрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Отбасылық кәсіптерін дөңгелетіп отырған жанұя осыған дейін Германия, Түркия, Үндістанда, Ресейдің Қазан қалаларындағы халықаралық көрмелерге қатысқан. Беріктің өз қолынан шыққан «Ана – өмір диірмені», «Сүндет той», «Өмір доңғалағы», «Жеті қазына», «Күнбағыс», «Тас таңба – балалық шақ» атты туындылары бар. Бүгінде былғарыдан түрлі картиналар, қолөнер бұйымдарын жасау сәтті дамып келе  жатқаны белгілі. Оны көбіне кәдесый ретінде сатып алатындар көп. Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы көркем сурет колледжінің «Былғарыны көркемдеп өңдеу» мамандығы бойынша бітіріп шыққан ол бүгінде былғарыдан қайталанбас өнер туындыларын тудырып жүр. Оңтүстіктің атын аспандатып жүрген жас талант қолөнердің дамуына барынша үлес қосып келеді. Оның шебер қолынан шыққан дүниелеріне тапсырыс берушілер көп. Хас шеберлердің өзі жүрегі дауалап қолына алмайтын сирек кәсіп түрі теріні көркемдеп өңдеу аса қиындығы мол шаруа.

Берік Бейісбеков, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:

-         Келешек жастардың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді сіңіру үшін төл өнерімізді насихаттап келеміз. Бүгінде осы салаға қызығушылық танытып отырған жастар көп. Теріні көркемдеп өңдеу өнері –халқымыздың ежелден тіні үзілмей келе жатқан көне өнер. Егер осы өнерді үйреніп, кейінгілерге дәріптейтін жастар көбейсе бұл өнеріміздің ұмытылмайтыны анық. Теріні көркемдеу арқылы халқымыздың көптеген қолөнерін жаңғыртуға болады. Бір ғана картина жасау емес, теріден басқа да өте бағалы заттарды жасап шығаруға болады.

 

Өнерге қызығушылығы мол жастарға Беріктің үйретері көп. Оның қолынан шыққан дүние тілі бар, сөйлеп кететіндей әсер береді. Шын шебердің асқан ынтамен істеген жұмыстары расында көздің жауын алады. Теріге тіл бітірген хас шебердің болашақта қолға алсам деген жоспарлары көп. Ұдайы көрме өткізіп тұрады. Оның қолынан шыққан шынай шығармаларды көруге келушілер де көп. Қазақтың қолөнерін дәріптеп, ғасырлар қойнауында ұмыт түрлерін жаңғыртып келеді. Сол ежелгі туындыларды бүгінгі заманға сай етіп жаңғыртып көпшіліктің назарына ұсынуда. Әрі ол туындылары да өте сәтті шыққан. Үндестік бар. Үйлесімділік бар. Әйтеуір қараған жанның көзін тойдырарлықтай әсем-ақ. Оның қолынан шыққан тұщымды туындылары бүгінде көптеген галереялардың төрінде тұр. Қазақтың төл өнерін тірілтуінің арқасында Халықаралық көрмелерде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Зауытта шығарылған дүниеден көрі қолдан жасалынған тың туындыларды шетелдіктерің жоғары бағалайтыны белгілі. Беріктің қолданбалы қолөнерін мойындағандар жетерлік. Әрі асқан қызғушылықпен сатып әкеткен шетелдіктер де мол. Беріктей жастар тұрғанда қазақтың қолөнері өлмейтініне, өшпейтініне сенім мол. Қолөнерге құштар жастардың қатары да артып келеді. Сол қуандырады. Алдағы уақытта бесаспап жігіттің қолынан бұдан да басқа көптеген өнер туындылары шығатыны кәдік. Ол қазақтың қолөнер туындыларының қатарын толықтырып келер ғасырлардан ғасырларға жете берері сөзсіз.


ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея