Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: shymkenttv.kz

Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев спорттық нысанды ашып берді

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-28

Бұқаралық спортты дамыту арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал жасаймыз. Бүгінде аудандағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға жергілікті азаматтар да өзіндік үлесін қосуда. ОҚО Қазығұрт ауданында кәсіпкерлердің демеушілігімен екі бірдей футбол алаңшасы салынды.

   Бұл істі жеке кәсіпкерлер  Шаяхмет, Мәди  Тайсаловтар  қолға алған.Алаң салуға  38 млн теңге  қаржы жұмсады.   20 х 40 шаршы метрлік кіші футболға арналған екі алаңда  енді ауыл балалары асыр салып футбол ойнайтын болады.  Жеке кәсіпкер  Елбасының "Рухани жаңғыру" бағытында ауыл халқына салауатты өмір салтын ұстануға, жастар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында өзінің үлесін қосқанына дән риза. Шаяхмет Тайсалов - жеке кәсіпкер «Мына жастарға жақсы болсын дедік. Көшеде бос жүрмесін, спортпен айналыссын деп осы алаңды аштық. Халыққа сәлде болса пайдамыз тисін деген ниетпен салдық. Бүгін міне ашылу салтанатына 16 ауылдың командасы жасақталып ойын ойнайын деп отыр». Стадионның ашылу салтанатына  Германияның Гамбург қаласында өткен  бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев қатысып, өзінің лебізін білдірді.Футбол алаңының ашылған сәтінен соң жасөспірімдер ойын бастауға кірісіп кетті. Қайрат Ералиев  - бокстан әлем чемпионы «Қазығұрт ауданында осындай кереметтей кешені ашылып отыр. Осындай спорт кешеннің ашылуымен Қазығұрт ауданының халқын шын жүректен құттықтаймын. Құдай қаласа еліміздің абыройын намыспен қорғайды деген сенімдеміз. Осындай елді мекендерден, ауылдардан жақсы спортшылар шыға берсін, бұданда үлкен спорт кешендері ашыла берсін. Біріншіден мұның бәрі еліміздің спортқа деген қолдауының арқасында. Болашақта жастарымыз спортқа деген махаббатары ашылып, еліміздің абыройын асқақтата береді деген ойдамыз». Қазығұрт  ауданының спортшылары жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп  жүр. Мұнда футболдан бірнеше команда құрылып, олар   облыстық сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп келеді.   Жаңа салынған нысанда жастарды  білікті жаттықтырушылар  баулыса , біздің ауылдың жастары да Қазақстан  спортының дамуын өз үлесін қосады. Алаңды салғандағы басты мақсат осы болды,-дейді демеушілер. Алаңның ашылуына жастар ғана емес ауыл ақсақалдары да ризашылығын жеткізуде. Туған жерді түлетуге үлес қосқан  кәсіпкердің өнегелі ісі көпке үлгі.

 

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея