Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Қамқорлық» жобасымен екі отбасы баспаналы болды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-02-02

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Қамқорлық» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты – өңірдегі тұрмыс деңгейі, әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларды анықтап, оларға тұрақты көмек көрсету. Бұл ауқымды міндетті облыс әкімдігіне, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағарламалар басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне және «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына бірлесіп атқаруды тапсырды. Бастама жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Бүгінгі таңда Отырар ауданы, Көксарай ауылында «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымының бастамасымен ауданның жомарт та мейірімді Молдалы Алтай мен Қуандық Шалқар сынды азаматтары әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген көпбалалы 2 отбасыға тұрғын үй сатып әперіп, отбасы мүшелерін айрықша қуанышқа кенелтіп отыр.
Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен өтіп жатқан «Қамқорлық» бағдарламасына қызу қолдау көрсеткен азаматтарға тұрғындар ризашылығын білдірді. Баспаналы болған отбасылардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Ә.Жүнісов пен партияның аудандық партия филиалының өкілдері арнайы келіп, бағалы сыйлықтарын табыс етті.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

9

10

12

13

14

15

16

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея