Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СИНГАПУРДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСТІ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-03-31
 
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Арыстановпен және сингапурлық кәсіпкерлермен онлайн форматта кездесті.
Кездесуде тараптар екі жақ ынтымақтастық, инвестиция мәселесін қозғап, Шымкент қаласын одан әрі дамытудың жолдарын талқылады.
Қала әкімі Шымкенттің республикалық маңыздағы қала мәртебесін алуы экономика секторына инвестициялық ағымның түсуіне қосымша серпін бергенін айтып өтті.
- Қолайлы инвестициялық ахуал, бәсекелестігі жоғары орта, әл-ауқатының аса жоғарыға көтерілген деңгейі — экономиканың осы артықшылықтарының барлығы Сингапурды Оңтүстік-Шығыс Азияның қаржылық және сауда орталығына айналдырды. Яғни менеджмент саласында көш бастап тұрған елдердің бірі деп білеміз. Осы орайда болашағы зор, Азия мен Еуропаны жалғайтын халықаралық хаб болатын Шымкент қаласына инвестиция жасауға шақырамын. Озық тәжірибелеріңізді қолдана отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді шаһар басшысы сингапурлық кәсіпкерлерге.
Өз кезегінде Елші Аркен Арыстанов Қазақстан мен Сингапурдың арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғанына 28 жыл толғанын, осы уақыт арасында екі ел арасындағы өзара достық тек нығаюмен келе жатқанын назарға салды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сот жүйесі секілді салалардың кең ауқымын қамтитындығын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде Сингапурда Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын мәдени іс-шаралар өткізу мәселесі де талқыға түсті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

6

7

9

10

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея