Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Құнды жәдігерлердің отаны...

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-07-26
Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс - турдың екінші күні ғасырдан ғасырға мұрты бұзылмай жеткен көне мұралардан бөлек, заманауи кешендерді аралау бақыты бұйырды. «Навруз» этносаябағы Қаланың қақ ортасында орналасқан «Навруз» этносаябағы Өзбекстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері тоғысқан тарихи – мәдени орталық деуге болады. 2,5 гектар аумақта орналасқан саябақ ұлттық нақышта безендірілген. Өзбек ағайындардың әр облысының өзіне тән ерекшеліктерін бейнелейтін ескі стильдегі үйлер орналасқан көшелер бар. Бұл жерден Самарқан, Бұқара, Наманган облыстарындағы алыс ауылдарды көз алдыңызға келтіреді. Биік жартастарға орналасқан көне үйлер, махаллалар көне тарихтан сыр шертеді. Аяқжолдардың өзі ұлттық нақышта өрілген. Шеберханаларда ұсталар өз қолдарымен жасалған түрлі-түсті кәдесыйларды сатып отыр. Саябақтың шеткі тұсында биіктігі 88 метрді құрайтын айналма дөңгелек орналасқан. Қаласаңыз VIP кабинаға отыруға мүмкіндігіңіз бар. Бағасы да анау айтқандай қымбат емес. Ең биік нүктесінде Ташкент шаһары алақандағыдай көрінеді. Зілзала құрбандарына арналған мемориал Ташкент трагедиясына арналған мемориалды кешенге де табан тіредік. Мұнда 1966 жылы 26 сәуірде 8,3 шкаласы бойынша жер сілкінісі болған. Эпицентрі осы ескерткіш қойылған жерден басталған деседі. 2 млн шаршы метр аумақ жарамсыз күйге түсіпті. Жер сілкінісінің құрбандарына арналып 1976 жылы 26 мамырда осы ескерткіш орнатылған. Аяғының астына, қақ бөлініп жатқан қара жерге үрейлене қарап, апатқа қарсы тұрып, отбасын қорғап қалмақты ниет еткен ер азамат бейнесі көрініс тапқан алып ескерткіш. Широз Суяров, Өзбекстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің өкілі: «Жер сілкінісі болған кезде Ташкентте 1,5 миллион халық тұрған. Тұрғындардың жартысына астамы қайтыс болған... 3 жылдан соң Ташкент қалпына келтірілген. Жаңа үйлер, ғимараттар тұрғызылған». Хаст имам мәдени-сәулет кешені Өзбекстандағы алғашқы ислам уағызшыларының бірі – Хазрати Имамның құрметіне тұрғызылған діни ғимараттар кешені. Хазіреті имам мешіті киелі орындардың бірі. 600-700 жыл деп есептелінеді шамамен. 2007 жылы қайта жаңғыртудан өткен. Хаст имам (Хазрати Имам) – мәдени - сәулет кешені, Ташкенттің діни орталығы ескі қалада орналасқан. Мұнда Құран кітаптарының сан алуан түрі бар. 3 метрге жетерлік үлкенінен бастап, баланың алақанындай өте кішкентай үлгісі де қойылыпты. Мешіттің кіре берісінде биіктігі 53 метрлік екі мұнара бар. Мешітте бір уақытта 10 мыңнан астам адам намаз оқи алады. Хаст-Имам кешеніндегі ландшафтық саябақта экзотикалық ағаштардың сан алуан түрі бар.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея