Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Түркістан облысының полицейлері бір тәулік ішінде Алматы қаласында орын алған мародерлыққа қатысқан 5 жас жігітті ұстады

534 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-01-10
 
Полицейлер Жетісай қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында қонақ үйлердің бірінен Алматы мен Түркістан облыстарының үш ер азаматын ұстады. Олардың екеуі бұрын ұрлық үшін сотталғандар.
 
Тәртіп сақшылары олардан 550 000 теңге, есірткі, брендтік ерлер мен әйелдер заттарын тәркіледі. Ұсталғандардың айтуынша, олар Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, "КOTTON" сауда үйінің жанынан заттарды алған.
Сондай-ақ бүгін, яғни 8 қаңтар күні таңертең сағат 6.35-те Ынтымақ блок бекетінде Түркістан қаласына кіре берісте сөмкесі бар екі жас жігіт полицейлердің назарына түседі. Олардың құжаттарын тексеру кезінде екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары екені белгілі болады. Анықталғандай олар бұрын тонау мен ұрлық үшін сотталғандар.
 
Олардың жүктерінің ішінен полицейлер "Никон" және "Кенон" фотоаппараттарының 5 жиынтығын, алтын әшекейлердің 11 атауын / сырғаларды, сақиналарды, алқаларды/, "Самсунг" маркалы 2 және "Айфон-12" маркалы телефонның 1 данасын, 1 ноутбук пен екі жаңа кроссовкаларды тауып, тәркіледі.
Белгілі болғандай олар 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік барысында Алматы қаласындағы Төлеби көшесінде орналасқан Технодом дүкеніне кірген. Содан кейін ғимаратта тұрған ер адамды ұрып, техникалық құралдарды, алтын мен аяқкиімді алып кеткен.
Күдіктілер Түркістан облысына қалааралық автобуспен Алматы облысының Ұзынағаш қаласынан келген. Түркістан қаласына кіреберісте коменданттық сағатты ескере отырып, жүргізушіден тоқтауды сұраған және қараңғыны пайдаланып, жаяу жүріп өтпекші болған.
 
Бүгінде күдікті бес адамға қатысты ҚР ҚК 191-бабы "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлығы қамауға алынды. Енді Түркістан облысының тергеушілері олардың Алматы қаласында болуының нақты мақсатын анықтауда.
ТО ПД баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея