Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: otyrar.kz

Шымкентте жанармай арзандады

648 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2022-01-12

Еліміздегі  жағдайдың  тұрақтылығын сақтау мақсатында  Шымкенттегі А. Асқаров көшесі мен Абай даңғылы қиылысындағы QAZ PETROОЙЛ серіктестігі жанар-жағар майдың бағасын  арзандатты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жұлдызхан Өміров, ЖЖБ операторы: «Өздеріңіз байқағандай көліктер көп келіп, бензин қуйдырып алып жатыр. Кешеден бері біздің  компания  АИ-92 маркалы бензиннің литрін 174 теңге, дизель отынын- 225 , «АИ-95″-203 теңгеден босатуда. Жағармайдың бағасы қол жетімді болғандықтан барлығы ризашылығын білдіріп жатыр».

Айта кететін жәйт, желтоқсан айында АИ-92 маркалы  бензиннің  литрі 182 теңге, ал дизель отыны -244 теңгеден сатылған.

Көлік жүргізушісі Нұрбол Орынбектің жолы болды, Шымкентте АИ-92 бензинін 174 теңгеден құйдырды: «Ордабасы ауданының тұрғынымен. Бүгін жұмыстарыммен Шымкентке келіп едім, АИ-92 маркалы бензиннің литрін 174 теңгеден құйдырып алдым. Кеше президенттің үндеуінен кейін осылайша, жағармай, азық-түлікке  бағалар біртіндеп түссе жақсы ғой».

ПІКІР (1)

  1. 🕔2022-01-15 21:04:18

    Амангелді

    Жанар жағар май бағасы түскен жоқ, дизтопливо 195 тенгеден аспау керек, бензин бағасы 182,186 т.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

19

24

25

27

28

29

30

Галерея