Әлеумет Қазақстанда несиені 3 айға тоқтату ұсынылды Редактор 19.01.2022 14612 Мәжілісте депутаттар Үкіметке жеке және заңды тұлғалардың несиесін өтеу міндетін 3 айға тоқтата тұруды ұсынды. Мәжіліс отырысында депутат Ерлік Өмірғали еліміздегі соңғы жағдайларда зардап пен залал шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін алға тартты. Үлкен супермаркеттер мен гипермаркеттер, одан өзге қаншама дүкендер зардап шеккен. Өрт қойылған дүкендердің жарық жүйелері, коммуналдық жүйелері зақымдалған. Одан бөлек, сауда витриналары да қайта қалпына келместей өртеніп кеткен. Енді кәсіпкерлер банктерден алынған несиелерін қалай жабатынын білмей дал болып отыр. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, тауар сатып алуға да қыруар қаржы қажет екені белгілі. Оның үстіне жұмысшылардың жалақысы да бар. Алдын ала есеп бойынша залал мөлшері жүздеген миллиард теңге. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер үшін әрбір кешіктірілген күннің қаншама өсімпұл «сыйлайтыны» белгілі. «Төтенше жағдай аяқталды. Бірақ, бизнесті қалпына келтіру әлі мүмкін емес, қираған нысандардың жұмысшыларының әлі табысы жоқ. Сондықтан барлығын қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздарын 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынамыз», — деді депутат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 1 оқу мин Әлеумет Жүргізуші куәлігі жоқ азамат жол апатына себепкер болды 12.07.2025 6067 Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 4160 Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 10114