Әлеумет Хакер Түркістан облысының 40 мұғалімінің 17 млн. теңгесін тонап кеткен Редактор 07.02.2022 2172 1 оқу мин Қулық сұмдықты еркін меңгерген хакер өзінің жеке шотына 17 миллион теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Отырар. Шардара ІІД-на Шардара қаласындағы бірнеше мектептің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан бөтеннің есепшотына ірі көлемдегі ақшаның заңсыз аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция істі тергеуге кірісті. 24 сағат ішінде олар күдікті аккаунт пен оның иесінің жеке басын анықтады. Анықталғандай, күдікті Алматы қаласында болған, оны Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйек айында ол жұмысын тастап, Алматыға кеткен. Біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша табуға бел буады. Жеке деректерін пайдаланып, алаяқ өз есепшотына 40-тан астам мұғалімнің жалақысын аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1064 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1622