Әлеумет Хакер Түркістан облысының 40 мұғалімінің 17 млн. теңгесін тонап кеткен Редактор 07.02.2022 2617 1 оқу мин Қулық сұмдықты еркін меңгерген хакер өзінің жеке шотына 17 миллион теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Отырар. Шардара ІІД-на Шардара қаласындағы бірнеше мектептің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан бөтеннің есепшотына ірі көлемдегі ақшаның заңсыз аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полиция істі тергеуге кірісті. 24 сағат ішінде олар күдікті аккаунт пен оның иесінің жеке басын анықтады. Анықталғандай, күдікті Алматы қаласында болған, оны Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған. Белгілі болғандай, күдікті бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйек айында ол жұмысын тастап, Алматыға кеткен. Біраз уақыттан кейін жұмыссыз қалған ол «оңай жолмен» ақша табуға бел буады. Жеке деректерін пайдаланып, алаяқ өз есепшотына 40-тан астам мұғалімнің жалақысын аударған. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақты зат ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1995 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 2140 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1855