Саясат Өзбекстан Украинадан өз азаматтарын эвакуациялайтындығын мәлімдеді Редактор 25.02.2022 8664 1 оқу мин Киевтегі Өзбекстан елшілігі қазір Украинадағы жағдайдың шиеленіскендігіне байланысты өз азаматтарын эвакуациялайды. Бұл туралы бүгін Киевтегі Өзбекстан елшілігі өз отандастарына арналған ресми үндеуде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап. «Украинадағы жағдайдың шиеленісуін және төтенше жағдайдың енгізілгенін ескере отырып, Өзбекстан Республикасының азаматтарына хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының Киевтегі Елшілігі эвакуация жоспарын және Украина аумағынан кеткісі келетін азаматтардың тізімін әзірлеуде. Украинаның әуе кеңістігінің жабылуын ескере отырып, ұшу бағыттары мен баратын жері дайындалуда. Қолайлы эвакуациялау жолдарына қатысты мәселелер үшінші елдердің мүдделі қызметтерімен келісілгендіктен, Өзбекстан азаматтары елшіліктің www.uzbekistan.org.ua сайтында және әлеуметтік желілерде қосымша хабардар етілмек. Украинадан кеткісі келетін Өзбекстан Республикасының барлық азаматтары төлқұжат мәліметтерін елшіліктің embassy@uzbekistan.org.ua электронды мекенжайына жіберулері тиіс. Біз Украинадағы Өзбекстан азаматтарын тыныштықты сақтауын және қосымша сұрақтары болса елшілікке хабарласуын сұраймыз», деп атап көрсетілген дипломатиялық өкілдік хабарламасында. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 31563 Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 1 оқу мин Саясат Аида Балаева: «Президент бастамасы сенім мен өзара түсіністікті нығайтудың тиімді құралы бола алады» 18.09.2025 57285 Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 1 оқу мин Саясат Жезқазғанда Ұлытау облысының Азаматтық форумы өтті 17.09.2025 63048