Әлеумет Қазақстандықтарға Украинаға арналған арзан автокөліктерді сатып алу ұсынылды Редактор 04.03.2022 14842 1 оқу мин Қытайдан электромобилдер тасымалдайтын украиналық компания әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты өз елдерінде автокөліктер сатылымының тоқтап қалғандығын хабарлады. Соған байланысты олар енді автокөліктерді Қазақстан азаматтарына сатуға ниетті болып отыр, деп хабарлайды Экспресс К. Электромобилдерді Украинаға тасымалдау тоқтатылды. Қазір Қытайда 25 жаңа көлік дайын тұр. Оларды арзан бағада сатып алып, Қазақстанға жеткізуге болады, — делінген компанияның ресми парақшасында. facebook facebook Олардың түсіндіруінше, алдын-ала тапсырыс беріліп қойған көліктерді қайта сату Украинадағы қазіргі ахуалдан кейін туындап отыр. Ол елдің азаматтары үшін қазір шұғыл түрде ақша қажет. facebook facebook Қазақстандық клиенттер арзан бағада көлік сатып алып, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған адамдарға жәрдемдесе алады, — дейді компания өкілдері. Айта кету керек, посткеңестік мемлекеттер арасында Украина электромобилдер көп сұранысқа ие елдердің бірі болып табылады. Былтыр онда 30 мың тоқпен жүретін көлік тіркелген. Ресейде бұл көрсеткіш 10 мыңнан сәл-ақ асыпты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мопед мінген мас атай құрыққа ілікті 1 оқу мин Әлеумет Мопед мінген мас атай құрыққа ілікті 16.11.2025 3328 Әзірбайжандық үшем қазақ тілін үйреніп жүр 1 оқу мин Әлеумет Әзірбайжандық үшем қазақ тілін үйреніп жүр 16.11.2025 3508 ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КОНКУРСЫ ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 09.10.2025 55542