Әлеумет «DENSAULYQ» кәсіподағы Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті Редактор 09.05.2022 7545 1 оқу мин 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі анықталды. Жылдар өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі ел есінде сақтаулы. Осыған орай кәсіподақ атынан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Оқ пен оттың арасында ерлік еткендердің бірі- Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Алимбаев Ерғали. Қан майданда қызмет еткен ардагер жауынгерді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен арнайы құттықтап барды. Салтанатты шара кезінде Сакен Арыстанұлы емханадағы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіподақ атынан Ергали Садуақасұлына кәсіподақ атынан алғыс хат және бағалы сыйлық табыс етілді. Жалпы мереке қарсаңында 20 ардагер «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 12.06.2025 14319 Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 1 оқу мин Әлеумет Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 06.06.2025 11900 Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 22.05.2025 50693