Әлеумет Запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды Редактор 18.06.2022 1870 1 оқу мин 70-тен астам запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар астанадағы аумақтық қорғаныс құрамасына әскери міндеттілердің он күндік жиынына шақырылды. Сабақтар запастағы әскери қызметшілердің тағайындалған лауазымдарына сәйкес, әскери істегі білімі мен дағдыларын жетілдіру мен негізгі міндеттерді орындауға дайындау мақсатында жоспарлы тәртіппен жүргізілетін болады. Запастан шақырылған барлық азаматтар әскери қызметке жарамдылығын куәландыру үшін медициналық тексерістен өтті. Әскери міндеттілер жиын барысында жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы күрес жүргізу кезіндегі іс-қимылдар зерделеніп, іс жүзінде пысықталатын болады. Оқу-жаттығу жиындары астаналық аумақтық қорғаныс құрамасының базасында өтуде. Қатысушылар жатын орынмен, азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Бұдан өзге, жиындар кезінде запастағы әскери міндеттілердің жұмыс орындары сақталып, оларға орташа айлық жалақы төленеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 523 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 949 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1444