Әлеумет Запастағы әскери міндеттілер жиынға шақырылды Редактор 18.06.2022 2190 1 оқу мин 70-тен астам запастағы офицерлер, сержанттар мен сарбаздар астанадағы аумақтық қорғаныс құрамасына әскери міндеттілердің он күндік жиынына шақырылды. Сабақтар запастағы әскери қызметшілердің тағайындалған лауазымдарына сәйкес, әскери істегі білімі мен дағдыларын жетілдіру мен негізгі міндеттерді орындауға дайындау мақсатында жоспарлы тәртіппен жүргізілетін болады. Запастан шақырылған барлық азаматтар әскери қызметке жарамдылығын куәландыру үшін медициналық тексерістен өтті. Әскери міндеттілер жиын барысында жауынгерлік үйлестіру іс-шараларына қатысады. Объектілерді күзету мен қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы күрес жүргізу кезіндегі іс-қимылдар зерделеніп, іс жүзінде пысықталатын болады. Оқу-жаттығу жиындары астаналық аумақтық қорғаныс құрамасының базасында өтуде. Қатысушылар жатын орынмен, азық-түлікпен және киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген. Бұдан өзге, жиындар кезінде запастағы әскери міндеттілердің жұмыс орындары сақталып, оларға орташа айлық жалақы төленеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 1 оқу мин Әлеумет 12 500 нәрестенің кіндік анасы атанған… 05.05.2024 1394 Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 1 оқу мин Әлеумет Конгрестің өтуі денсаулық сақтау деңгейінің артуына септігін тигізбек 05.05.2024 1701 Күрделі ота сәтті өтті 1 оқу мин Әлеумет Күрделі ота сәтті өтті 05.05.2024 1352