Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: суретті түсірген Қ. Шерім

Мемлекеттік хатшы Шымкентке іс сапармен келді

👤Saq.kz 2 коммент. 🕔2015-02-20

 

 

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов қарсы алып, облыста атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті. Мемлекеттік хатшы әуелі 270 орындық Шымкенттегі №1 қалалық балалар ауруханасының ашылуына қатысып, жаңа нысанның жұмысымен және денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Дәрігерлермен, орта буын медицина қызметкерлерімен жүздесіп, балаларды жан-жақты сауықтыруда табыстарға жетулеріне тілектестік білдірді. Бұдан кейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында болған Г.Әбдіқалықова өңірдегі этномәдени бірлестіктер жайында мағлұмат алып, орталықтың жұмысымен танысты. Өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен өткізген кездесуінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізудің қоғамдық-саяси мәні жоғары екенін айтып, барлық іс-шаралар «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты басты идеяны, бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға бағытталуға тиіс деп атап көрсетті.

ПІКІР (2)

  1. 🕔2015-02-21 08:03:20

    мен

    екеуі көзбен сөйлесіп тұр ғой)((
  2. 🕔2015-02-21 08:00:41

    Арай

    түүүу біздің Асекең қалай қарайды ә. қайсар да моментті әдемі ловить етеді екен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея