Руханият Баянның «Бақыты» Берлинді бағындырды Редактор 20.02.2022 2488 1 оқу мин Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының «Бақыт» фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде көрермен көзайымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің instagram желісінде хабарлады. «Бүгін біздің картинаның «Панорама» секциясында бас жүлдеге ие болғаны белгілі болды. Бұл Берлиналдағы ең беделді бөлім. Пандемия кезінде бізді 20 мың адам қарады, олардың көпшілігі біздің суретімізге дауыс берген екен. Мен өте бақыттымын, өйткені бір жыл бұрын жасалған еңбек нәтижесін берді. Біздің проблемамыз туралы картинамыз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көрсетілетін болады», – деді продюсер. Отандық фильм фестивальде үлкен резонанс тудырған. Назар аударатындайы бар өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық бұл елімізде ғана емес бүкіл ғаламның бас ауруына айналғаны жасырын емес. Сондықтан да тап осы тақырып баяндалатын фильм көрерменнің ерекше назарын аударған. Жуырда ғана Баян Мақсатқызы Берлинде қызыл кілеммен жүріп өту арманым деп жазған болатын. Арманы орындалды… Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ӘЙГІЛІ «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ӘЙГІЛІ «РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТЕДІ 03.05.2024 1853 «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 8519 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 9611