Перейти к содержимому
Жаздың соңғы айында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында «Үлкен үй» сериалының үшінші кезеңінінің түсірілім жұмыстары қарқын алды. Көпшіліктің көзайымына айналған телесериалды бүгінде үзбей көретіндердің қатары қалың. Көпсериялы фиьм өзінің көздеген межесіне жақындап қалғандай. Көрерменнің сүйікті сериалына айналды бүгінде. Жолаушы тасымалдаумен нанпұлын айырып жүрген таксист Мырзаханның басынан кешкен оқиғалары барысында өтетін қызықты оқиғалар көрерменін жалықтырмайды. алдағы уақытта көрермендер тағы да он сериясын тамашалай алады. Ауылдың қарапайым азаматтарының басынан кешкен оқиғаларын суреттей отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтитын сериал алдағы уақытта да көрермендерін қуанпақ. Сериалдың атқарушы продюссері Қадыржан Құлманов: «Әу баста сериалды бір маусымын ғана түсіріеміз деген жоспар болған. Дегенмен сериал тамашалаушылар санының артуына байланысты шығармашылық ұжым екінші маусымды түсіріп бастаған еді. енді міне көпшіліктің сұрауы бойынша үшінші маусым түсірілуде» дейді. Әртістер құрамы сол күйінше саталынады. Аға буын өкілдеріңнің ролдеріне Дәурен Жұмаділов, Жүсіп Ақшора, Майра Мақұлбекова, Абай Аязбаев, Нұржан Төлендиев және Нартай Сүлейменов ойнайтын болады. Үшінші маусымның сценаристі Мұрат Есжан, қоюшы — режиссер — Мақсат Оспанов, оператор-қоюшы -Еркін Сатенов, екінші режиссер — Санат Омархан. сериалдың үшінші маусымы биылғы жылдың қазан айында экранға шығатын болады.