Қоғамдық сананы қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалық кеңес және ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданына тур ұйымдастырды. Аталған шара «Қазақстананның киелі жерлерінің географиясы» жобасының аясында және Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы қалыптастыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оңтүстік қазақстандық жас туристер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Отырар және Оқсыз төбелеріндегі тарихи жерлердің тарихымен танысты. Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылындағы өлкетану мұражайында болды.Отырар ауданының өткен тарихымен танысып, бүгінгі шағымен етене танысты. Жас туристер алдағы уақытта Сайрам ауданындағы тарихи орындарды аралуды жоспарлап отыр. Рухани тәрбие – мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Жас өскіндерге еліміздің рухани құндылықтары жөнінде үнемі насихаттау қажет. саяхат барысында отанымыздың өткені мен бүгіні қызу талқылауға ұласты. Қазақ еліне жан аямай қызмет қылған тарихи тұлғалар жайлы керемет тұщымды әңгімелерайтылды. Болашақты құру үшін өз еліңнің өткен мен бүгіні, тарихы жайлы терең білу қажет деп есептейді шараны ұйымдастырушылар.
Связанные истории
13.09.2024
273358