ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, «Туған жер» бағдарламасын колдау мақсатында ОҚО да «Кітап – рухы қазақтың, туған өлкем ғажапсың» атты кітап акциясы өткізілді. Мақалада айтылған бағыттардың жүзеге асуына, қабылданған бағдарламалары жайында баяндама жасалды. Мәдени шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараны жазушы М.Әбдәкімұлы ашып, бұл акцияның ауқымдылығы, ұлағатты іс екеніне тоқталды. Оңтүстіктің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар Қабылбек Төретай, Шалқар Әбіш, Сабырбек Нұрманұлы, Сарманбай Исақ, Дәркен Танабаев, жас ақын Ермек Бакиев, журналист Төребек Байтасов, ақын Әбдіқадыр Дүлдүл, ардагерлерден құралған «Ақ тұлпар» шахмат клубының төрағасы Серік Бөлегенұлы, «Оқырмандар отауы» әдеби клубының мүшелері, ардагер кітапханашы Мира Кукеева, ардагер ұстаз Ұлбике Нұржанова, «Рейтинг» газетінің бас редакторының орынбасары Жандар Кошенов, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының тілшісі Төребек Байтасов және Шымкент әскери-техникалық мектебінің офицерлері мен сарбаздары, ұстаздар мен кітапханашылар қатысты. Кітап қорына жеке кітапханасынан кітап сыйлап, «Туған жер» бағдарламасына қолдау көрсетіп, өз үлестерін қосты. Акция барысында кітап қоры 200 кітапқа толықты. Белсенді оқырмандар «Кітапты құтқару» көрінісі, ал кітапханашылар «Акция биі» арқылы рухани жаңғырудың бірден-бір арқауы болатын кітапты насихаттады.
Связанные истории
13.09.2024
273301