Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Мен.Таным. Кітап», «Ынтымағы жарасқан – туған өлкем» атты сазды-поэзия кеші орталық саябақта ашық аспан астында өтті. Әсем шарлармен безендірілген сахна төрінде оңтүстіктің зиялы қауым өкілдерінің поэзия, проза әлемі дәріптелді. Іс-шараға өлкеміздің топырағын иіскеп, шөбіне аунап өскен ерекше тұлғалар, ақын-жазушыларымыз қатысып, жастарға тағылымды әңгімелер өрбітті. Осы орайда, «Даналықты дәріптеген оңтүстіктің даралары» ауқымды кітап көрмесі көркемделіп, танымал қарымды қаламгерлердің кітаптары қойылып, шолу жасалды. Жас айтыскер ақын Н. Әнапия өркениетке өрістенген туған өлкемізді дәріптеп, жеткен жетістіктері, киелі жерлері, дана тұлғалары туралы ойларын арнау өлеңі арқылы жеткізді.
Кешіміздің қадірменді қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының ОҚОФ төрағасы Б.Алдияр, ақын-жазушылар М.Байғұт, Қ.Төретай, С.Олжабай, М.Әбдәкімұлы. «Ақ тұлпар» шахмат клубының төрағасы С.Бөлегенұлы сөз сөйлеп, «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бағыты туралы ой-пікірлерін білдірді. Кітапхана қызметкерлері мен белсенді балалар «Кітапханашылардың кітап биі» сазды музыкалық қойылым және де білім нәрін құятын кітапты құрметтеу, зиян келтірмей сақтау жайында «Кітап жанашырлары» атты сахналық қойылым көрсетті. Белсенді жастар жергілікті ақындардың туған жерге, оңтүстік өлкеге арналған өлеңдерін оқыды, әуелеп ән шырқады.
Связанные истории
13.09.2024
272763